8 мыңнан аса тұрғын үй толық қираған
Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге 2,3 млн еуро немесе 1,1 млрд теңге төленді, деп хабарлады «Евразия» сақтандыру компаниясының баспасөз қызметі.
Компанияның мәліметінше, биыл ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын зілзалдан зардап шеккендерге 2,3 млн евро немесе 1,1 млрд теңге сақтандыру төлемі бөлінген.
Ашық деректерге сәйкес, түрік сақтандыру компанияларына жер сілкінісінен кейін үйі қираған немесе бүлінген 416 мыңнан аса адам хабарласқан.
Түркияның төтенше жағдайлар министрлігі 8 мыңнан аса тұрғын үйдің толық қирағанын хабарлады.
Зілзаладан қираған үйлердің жартысынан көбі TCIP бағдарламасы бойынша сақтандырылған. Ол бойынша шығын көлемі 2 млрд доллардан асып кетті. Оның ішінде 340 млн долларды дүниежүзілік сақтандыру компаниялары төлеген.
Өкінішке қарай, Түркиядағы қайғылы оқиға көптеген адамның өмірін қиды. 50 мың адам көз жұмды. Біз сақтандыру төлемдерін мүмкіндігінше тез беруге дайынбыз, - деді «Евразия» сақтандыру компаниясының атқарушы директоры Нұрмұхамед Төлбаев.