×

Смайылов баспанаға мұқтаж қазақстандықтарға көмек көрсетуді тапсырды

Үкімет тұрғын үй саясатын қайта қарамақ

 Дәурен Ерболат 04.04.2023 | 13:05
көрнекі фото: Halyq Uni

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет мүшелеріне баспанаға мұқтаж қазақстандықтарға көмек көрсету тетігін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Мемлекет басшысы Құрылыс кодексін қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Құрылыс саласын жетілдіру қажет. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс саласындағы барлық құқықтық олқылықпен қайшылықты жою қажет», - деді ол Үкімет отырысында.

Премьердің айтуынша, сұраныстың көбеюін ескеріп тұрғын үй саясатын қайта қарау қажет.

«Баспанаға барынша мұқтаж адамдарға басымдық берілуге тиіс. Индустрия министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 1 айда нақты тәсілдерді әзірлеуі қажет. Шекара маңындағы аудандарға қоныс аударғысы келетін азаматтар үшін тұрғын үй бағасын арзандатуға көңіл бөлу керек», - деді премьер.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов қазақстандықтарды суды үнемдеп үйренге шақырды.

Су ресурстарын тиімді басқару, су қорын үнемдеу, әсіресе оны ауыл шаруашылығында ұтымды пайдалану бойынша түбегейлі жаңаша көзқарас қажет. Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су кодексінің жаңа редакциясын әзірлеп жатыр. Бұл жұмысты жеделдету керек, - деді премьер-министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама