Украинада соғыс салдарынан 500-ден аса бала қаза тапқан
Ол туралы ЮНИСЕФ директоры Кэтрин Рассел мәлімдеді
Украинада қан майдан әлі қызып жатыр. Өткен түні Ресей армиясы Одессаға 17 дронмен шабуыл жасаған.
Жергілікті армия дрондардың 14-ін құлатқанын хабарлап отыр. Ал Ресей әскері басып кіргелі бері Украинада кемінде 501 бала қаза тапқан. Оны БҰҰ-ның балалар қоры – ЮНИСЕФ директоры Кэтрин Рассел мәлімдеді.
Расселдің болжамынша, құрбан болған жеткіншектер саны бұдан да көп болуы мүмкін.