Алматы маңында жер сілкінді

Халық үні

MPV магнитудасы - 4,3

фото: ашық дереккөзден

Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 4 сәуір күні сағат 7:26-да жер сілкінісін тіркеді. 

Ведомствоның мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 286 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,0.MPV магнитудасы - 4,3. Эпицентр координаттары - 40,65° солтүстікке қарай, 77,33° шығысқа қарай. Тереңдігі - 5 км. Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ», - деп жазды Алматы қаласы ХҚО-ның кезекші операторы.