Генерал Күдебаевтың елден қашуы: ҰҚК мәлімдеме жасады
Серік Күдебаевтың Қырғызстан арқылы Түркияға қашқаны расталды
Серік Күдебаев Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан ресми жұмыс істеп тұрған бекеттер арқылы өткен жоқ.
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінен мәлімдеді
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі азамат Серік Мырзақұлұлы Күдебаевтің (01.01.1965ж.т.) ресми жұмыс істеп тұрған өткізу пунктері арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтпегенін хабарлайды.
Бүгінгі күні шектес мемлекеттердің шекара өкілдері аппаратымен бірлесе отырып, тексеру тағайындалды.Тексеру нәтижесі қосымша хабарланатын болады», - делінген хабарламада.
Қазақстанның Шекара қызметі Серік Күдебаевтың Қырғызстан арқылы Түркияға қашқанын растады.