Рыбакина әлемде ең көп эйс жасаған теннисші атанды
Бұған дейін бірде-бір спортшы мұндай жетістікке жетпеген
Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами штатында өткен WTA 1000 турнирінің финалында чехиялық Петра Квитовадан жеңілгеніне қарамастан, әлемдік теннистің тарихында рекорд жасады. Ол WTA 1000 санатындағы бір турнирде 70-ке жуық эйс жасаған алғашқы теннисші атанды.
Рыбакина Анна Калинскаямен матчта 14, Паула Бадосамен ойында 12, Элизе Мертенспен және Мартина Тревизанмен кездесуде 10, Джессика Пегуламен бәсекеде 11 және Петра Квитовамен финалда 12 эйс жасады. Теннисшінің Майамидегі турнирде жасаған эйстерінің жалпы саны 69 болды. Бұған дейін бірде-бір теннисші мұндай жетістікке жетпеген.
Рыбакина финалда 650 рейтингілік ұпайға ие болды.