Жамбыл облысының әкімі болып Нұржан Нұржігітов тағайындалды
Бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысы әкімі лауазымынан босатылып, оның орнына облысы әкімі болып Нұржан Нұржігітов тағайындалды.
Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы 1967 жылы туған. 1991 жылы Ленинград ауылшаруашылық институтын, 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры.
Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы М.Горький атындағы колхозында механик болып бастаған.
55 жастағы Нұржігітов 2021 жылдың сәуірінен бері Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болған. 2019-2021 жылдары Жамбыл облысы Байзақ ауданын басқарды. Оған дейін шамамен үш жыл Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасына жетекшілік еткен.