5 сәуірден бастап балық аулауға тыйым салынады
Балық өнімдерінің айналымы ерекше бақылауда болады
5 сәуірден бастап Қазақстанда балық аулауға тыйым салынады. Бұл туралы ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі балық және басқа да су жануарларының биоалуандығын сақтау үшін ел аумағында 5 сәуір мен 5 маусым аралығында «Уылдырық шашу» акциясын өткізеді. Министрлік әр өңірдің ерекшелігін ескеріп, балық аулауға тыйым салу мерзімін енгізді, - деді Шұғыла Тұрлыбек ІІМ-де өткен брифингте.
Ол акция талаптарын бұзғандар жауапқа тартылатынын ескертті.
«Осы кезеңде мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлері балық аулауға тыйым салуға, балық және балық өнімдерін заңсыз сатып алып, өткізудің, тасымалдаудың фактілерін анықтап, жолын кесуге басты назар аударады. Талапқа бағынбағандарға Әкімшілік кодекстің 383-бабы бойынша 10 АЕК-тен 40 АЕК-ке дейін (34 500-138 мың теңге) айыппұл және 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру (Қылмыстық кодекстің 335-бабы бойынша) түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген», - деді ІІМ өкілі.