Halyq Uni логотип
×

Ақтөбеде ерлі-зайыптылар мүгедекке күштеп қайыр сұратқан

Олар қайыршылықтан түскен ақшаны өздері алып отырған

 Дәурен Ерболат 03.04.2023 | 12:56
Ақтөбеде ерлі-зайыптылар мүгедекке күштеп қайыр сұратқан
Фото: inform.kz

Ақтөбеде полиция мүгедекке қысым жасап, қайыр сұратқан ерлі-зайыптыны анықтады. Бұл туралы ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Биыл ақпанда ерлі-зайыпты 46 жастағы арбаға таңылған ер адамды қорқытып, зорлық-зомбылық жасап, Шымкенттен Ақтөбеге қайыр сұрауға мәжбүрлеп алып келген.

Күн сайын таңертеңнен кешке дейін мүгедек базарлар аумағында және жұмада мешіттердің жанында күніне 5-6 мың теңге жинаған. Күдіктілер барлық кірісті өздері иемденген, - деді Қанат Нұрмағамбетов ІІМ-де өткен брифингте.

Бұл факті негізінде Қылмыстық кодекстің 128-бабы 1-бөлігі бойынша («Адам саудасы») сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама