Ол бұған дейін Президент әкімшілігінің басшысы лауазымын атқарды
Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Нұртілеу ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Ол ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылды.
Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі лауазымын Мұхтар Тілеуберді атқарды.
МҰРАТ НҰРТІЛЕУ
1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін тәмамдады.
1998-2007 жылдары – Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарды;
2007-2011 жылдары – Сенат аппаратының басшысы;
2011-2014 жылдары – Сыртқы істер министрлігінде қызмет етті;
2014-2016 жылдары – Президенті әкімшілігінде қызмет істеді;
2016-2019 жылдары – Қазақстанның Финляндиядағы және оған қоса Эстониядағы төтенше және өкілетті елшісі болды;
2019-2021 жылдары – Президент көмекшісі;
2021-2022 жылдары – Президент әкімшілігі басшысының орынбасары;
2022 жылғы қаңтар-ақпан айларында – Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
2022 жылдың ақпанынан бастап бүгінге дейін Президент әкімшілігінің басшысы қызметін атқарды.