Биыл Қазақстан мұнай өндіруді қысқартады

Дәурен Ерболат

Мұндай шешім былтыр қабылданған

Фото: vedomosti.ru

2023 жылы еліміз мұнай өндіруді қысқартады, деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Биыл мамырдан бастап Қазақстан басқа ОПЕК+ қатысушы елдермен бірге мұнай өндіруді тәулігіне 78 мың баррельге қысқартады, - деп жазылған хабарламада.

Бұл қысқарту 2022 жылғы 5 қазандағы ОПЕК+ 33-министрлік кездесуінде қабылданған қосымша алдын алу шарасы болып саналады.

Сонымен қатар Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Ирак, Кувейт және Оман мұнай өндіруді ерікті түрде азайтатынын хабарлаған.

Ресей 2023 жылдың соңына дейін өндірісті тәулігіне 500 мың баррельге қысқартуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ бірқатар ОПЕК+ елі мұнайды өндіру тәулігіне 1,1 млн баррельден асады деп бағалаған.