2 науқастың жағдайы өте ауыр
Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны күрт азайды, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте елімізде 28 адамнан коронавирус анықталды.
3 сәуірдегі мәлімет бойынша 1 802 адам (1 623КВИ+ және 179 КВИ-) COVID-19-дан емделіп жатыр.
Олардың ішінде 179 пациент стационарда, 1 623 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 3 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр, 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, кеше 45 адамнан COVID-19 табылған еді.