Halyq Uni логотип
×

Серік Күдебаевтың қайда қашып кеткені белгілі болды – БАҚ

Серік Күдебаев 23-24 наурыз күндері елден қашып кеткен

 Халық үні 03.04.2023 | 07:45
Серік Күдебаевтың қайда қашып кеткені белгілі болды – БАҚ
Фото: azattyq-ruhy.kz

Серік Күдебаевтың елден қашып кетуіне қатысты кейбір мәліметтер белгілі болды.

Серік Күдебаев – қазір қаңтар оқиғасы бойынша сотталып жатқан Алматы және Жетісу облысы полиция департаменттерінің бұрынғы басшысы. Кейбір БАҚ экс-шенеуніктің сот үкімі шықпай тұрып Қазақстаннан кетіп қалғанын хабарлады.

Ulysmedia.kz ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұрынғы жоғары шенді полицей 23-24 наурыз күндері елден қашып кеткен. Ол Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп, Бішкекке келіп, одан кейін Түркияға жол тартқан.

Еске салайық, Күдебаев «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» үшін айыпталған. Тергеушілердің мәліметінше, қаңтар оқиғасы кезінде Күдебаев Алматы облысының коменданты бола тұрып, полиция департаменті ғимаратынан шығып кеткен. Енді Күдебаевқа тағылған айыптардың қатарына қашу дерегі қосылады. Іспен арнайы прокурор айналысып жатыр.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама