Halyq Uni логотип
×

Қарқаралыда 1876 жылдан бері тұрған ағаш үй өртеніп кетті

Жалпы алаңы 200 шаршы метр жиһаздар мен кеңсе жабдықтары жанып, 85 шаршы метр болатын төбесі құлаған

 Еркеғали Болатұлы 02.04.2023 | 18:56
Қарқаралыда 1876 жылдан бері тұрған ағаш үй өртеніп кетті
фото: Қарағанды облысының ТЖД

Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында 1876 жылы салынған бір қабатты ағаш үй өртенді.

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 1 сәуірде сағат 18:25-те Қарқаралыдағы Бөкейханов көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетi Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бір қабатты ғимаратында (толығымен ағаш қаңқадан жасалған) ғимараттың төбесі, қалқалары, терезе және есік блоктары, сонымен қатар жалпы алаңы 200 шаршы метр жиһаздар мен кеңсе жабдықтары өртеніп кеткен және 85 шаршы метр болатын төбесі құлаған.

Өрт кеше сағат 21:07-де сөндірілген.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама