Атты әскер көлік жүргізушілерін қуып жету үшін қажет
Қалалық полиция басқармасының басшысы Қайрат Әбдіғалиевтің айтуынша, көлік жүргізушілерін қуып жету кезінде қиындық тумас үшін атты әскер қатарға қосылған.
Біз негізінен саяжай алаптарына, жеке сектордың кейбір учаскелеріне, сондай-ақ патрульдік көлік жүре алмайтын Ертіс өзенінің жағалауына қызмет көрсетеміз. Әдетте полицейлер өз учаскелерін екі-екіден күзетеді, – деді қалалық полиция басшысы Қ. Әбдіғалиев.