Halyq Uni логотип
×

Семей көшелерін атты полиция бақылайды

Атты әскер көлік жүргізушілерін қуып жету үшін қажет

 Наима Нұрәлі 02.04.2023 | 14:10
Семей көшелерін атты полиция бақылайды
фото: baq.kz

Күннің жылынуына байланысты облыс орталығының көшелерін Семей қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының атты әскери взводы патрульдейтін болады.

Қалалық полиция басқармасының басшысы Қайрат Әбдіғалиевтің айтуынша, көлік жүргізушілерін қуып жету кезінде қиындық тумас үшін атты әскер қатарға қосылған. 

Біз негізінен саяжай алаптарына, жеке сектордың кейбір учаскелеріне, сондай-ақ патрульдік көлік жүре алмайтын Ертіс өзенінің жағалауына қызмет көрсетеміз. Әдетте полицейлер өз учаскелерін екі-екіден күзетеді, – деді қалалық полиция басшысы Қ. Әбдіғалиев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама