Ол - ұлттық құндылықтарды аяққа таптаумен бірдей, - деді Иран сот билігінің басшысы
Иран сот билігінің басшысы Голамхоссейн Мохсени Эжеи хиджабтан бас тартқандар ұлттық құндылықтарды аяққа таптады деп айыпталып, аяусыз қудаланатынын мәлімдеді.
Махса Амини өлімінен кейін 2022 жылдың 16 қыркүйегінде басталған Үкіметке қарсы шерулер 6 айдан аса уақытқа созылды.
Айта кетейік, Иран экс-полициясы 22 жастағы қызды хиджабты дұрыс кимеген деген айыппен ұстаған еді. Оның туыстарына қызды «қайта тәрбиелеу шараларынан» кейін полиция бөлімшесінен босатамыз деп уәде еткен. Алайда сеанстан кейін 3 сағаттан соң қыз ауруханада қайтыс болды.