Halyq Uni логотип
×

Шымкентте қолдан жалған банкноттар жасаған тұрғын сотталып кетті

Жалған 9 300 АҚШ долларын өткізбек болған азамат 10 жылға бас бостандығынан айырылды

 Наима Нұрәлі 02.04.2023 | 12:44
Шымкентте қолдан жалған банкноттар жасаған тұрғын сотталып кетті
Фото: 7kun.kz

Бұл туралы Шымкент бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Камилхан Исмаилов айтты.

Шымкент бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті Э. деген азаматқа қатысты жалған 9 300 АҚШ долларын өткізу бойынша қылмыстық істі тіркеп, сотқа жолдады. Күдікті 10 жылға бас бостандығынан айрылды, – деді ол.

ҚР Ұлттық банкінің жалған банкноттары мен монеталарын және мемлекеттік бағалы қағаздарды, шетел валютасын немесе ондағы бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау немесе сақтаумен айналысқандар ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабы бойынша жазаланады.

Қылмыстың ауырлығына байланысты, заң бұзушының мүлкі тәркіленеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама