Оралда жиырма жастағы полицей өзін-өзі атып өлтірді
Марқұм 2021 жылдың мамыр айында полицияға жұмысқа орналасқан
3 желтоқсан таңғы сағат 7:40-та Орал полиция басқармасы ғимаратында қайғылы оқиға болды. Жасы небәрі 20-да болған полиция кіші сержанты қызметтік міндетін атқарып жүріп өз-өзіне қол жұмсаған.
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті жас жігіт әскери борышын өтеп, 2021 жылдың мамыр айында полицияға жұмысқа орналасқанын хабарлады.
Қызмет атқарған уақытында ол өзін жақсы қызметкер екенін көрсетті, физикалық тұрғыдан шыңдалды. Режимді сақтады, жұмысқа кешікпеді. Қызмет атқарған уақыт ішінде оған жаза қолданылмаған, - деді полициядағылар.
Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, бір мезгілде қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.