«Күдебаев шетелге қашып кетті»: Елді дүрліктірген жағдайға қатысты тың дерек шықты
Күдебаев сот процесі кезінде ешқайда кетпегені туралы қол қойған
Қазақстандық БАҚ Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы генерал-майор Серік Күдебаевтың шетелге қашқаны туралы хабарлады. Осыған байланысты Tengrinews түсініктеме алу үшін бірнеше ведомстволарға жүгінді.
Жоғарғы Соттың хабарлауынша, Күдебаев сот процесі кезінде ешқайда кетпегені туралы қол қойған.
«Осы азаматтың айтуынша, ол ауруханада болған, сондықтан сот процестің соңында істі қарауды кейінге қалдырды. Алайда, үшінші рет кейінге қалдырылғаннан кейін сот жетекті ресімдеп, оны ішкі істер органдарына орындауға жіберді», - деді Жоғарғы сот.
Редакция Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен ақпарат сұрады. Алайда ол жақтан да жауап ала алмаған.
«Бұл сұрақ бізге емес. Ол тергеу изоляторында ұсталған жоқ», - деп атап өтті комитет.
Одан әрі редакция Ішкі істер министрлігіне, Бас прокуратураға және ҰҚК-нің шекара қызметіне жүгінді. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта ешқандай орган бұл жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Айта кетейік, Серік Күдебаевтың қашуы туралы Nege.kz «сенімді дереккөздерге» сілтеме жасап хабарлады. Басылымның хабарлауынша, Күдебаев алдымен Қырғызстанға, одан кейін Өзбекстанға, соңында Өзбекстан арқылы Солтүстік Кипрге ұшып кеткен. Ол неге Солтүстік Кипрге кетті? Өйткені Қазақстан мен Солтүстік Кипр арасында экстрадицияға қатысты келісімшарт жоқ.