Ұстауға арналған іс-шаралар жүргізіліп жатыр
Ақтөбеде әйел мен оның ұлын өлтірген адам үш күн бойы іздестіріліп жатыр, деп хабарлады «Мой ГОРОД».
Полицейлердің айтуынша, бүгінге дейін күдіктілерді ұстау мүмкін болмаған.
Анықтауға және ұстауға арналған іс-шаралар жүргізіліп жатыр, - деді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің өкілі.
Еске салайық, 29 наурызда сағат 05:30 шамасында 102 телефонына Ақтөбе қаласындағы тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінен екі мәйіт табылғаны хабарланған болатын.
Келген жедел-тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйел мен 16 жастағы ұлының зорлықпен өлім белгілері бар денелерін тапты. Сонымен қатар, қаза тапқан әйелдің 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.