Halyq Uni логотип
×

Түрмеде отырып 25 млн теңге жымқырған ер адам анықталды

Ол 200-ге жуық алаяқтық әрекет жасаған

 Динара Амантай 01.04.2023 | 11:11
Түрмеде отырып 25 млн теңге жымқырған ер адам анықталды
Фото: Halyq Uni

Алматы облысының прокуратурасы сотталған азамат №12 түзеу мекемесінде жазасын өтеу кезінде интернет-алаяқтық жасаумен айналысқандығын анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 2020 жылдың маусым айынан 2023 жылдың қаңтар айына дейін ер адам түзеу мекемесі жағдайында ұялы телефондар мен ұялы операторлардың түрлі сим-карталарын пайдалану арқылы 25 млн теңгеден аса сомаға 200-ге жуық алаяқтық әрекет жасағаны анықталды.

Бұл дерек 2 наурызда мамандандырылған прокуратурамен ҚР ҚК 4-тармағының 190-бабы 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша көзделген құқық бұзушылық құрамы белгілері бойынша тіркеліп, Қонаев қаласының ПБ-ның тергеу бөлімшесіне берілді.

Тергеу іс-қимылдарын жүргізу барысында сотталған азаматтан 2 ұялы телефон және 41 сим-карта тәркіленді, солар арқылы ватсап-арна желісі арқылы қоңырау шалып, хат жазысып отырған.

Қазір оның жасаған басқа да құқық бұзушылықтарды анықтау үшін өңір бойынша және Қазақстан Республикасының басқа өңірлеріне қатысты деректер базасына мониторинг жүргізіліп жатыр.

Бұдан басқа, мамандандырылған прокуратурамен түзеу мекемесі қызметкерлерінің әрекетсіздік фактілері ҚР ҚК 370-бабының 2-бөлігі («Қызмет бойынша әрекетсіздік») бойынша тіркеліп, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне жолданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама