Алматыдан 280 шақырым қашықтықта 5,1 магнитудалық жер сілкінісі болды
МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер жоқ
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақытымен 1 сәуір, сағат 01.52-де жер сілкінісін тіркеді.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 280 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.
Энергетикалық санаты – 11,0.
MPV магнитудасы – 5,1.
Тереңдігі – 10 шақырым.
МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер жоқ.