×

1-3 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады

 Халық үні 01.04.2023 | 00:50
Фото: pixabay.com

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 1-3 сәуір аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа райына солтүстік-батыс антициклоны ықпал етеді. Жауын-шашынсыз күн ашық болады. Күндізгі салқын ауа массалары бірте-бірте жылынады. Тек республиканың батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстары белсенді фронталь бөліктер бар оңтүстік циклонының ықпалында болады, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады.

Қазақстанда жел секундына 15-25 метрге дейін күшейеді, оңтүстікте құмды дауыл тұрады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 1-6 градус аяз күтіледі. Ауа температурасының күндіз батыста және солтүстік-батыста 13-20 градусқа дейін, солтүстікте 7-15 градусқа дейін, республика орталығында 10-20 градусқа дейін көтеріледі, шығыста 0-10 градус жылы, оңтүстік-шығыста 5-18 градус жылы, — делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Министр жұмыртқа бағасына қатысты пікір білдірді

Ербол Қарашөкеев бағаның сұранысқа байланысты екенін айтты
27.05.2023 | 13:51

Фермелерге 7,5 млрд теңге төленді: кей өтінім неге мақұлданбады

Өңірлердің ауыл шаруашылығы басқармаларында 9 027 өтінім түсті
27.05.2023 | 13:18

Шымкентте клиент массажисті қорқытып, тонап кеткен

Күдікті тәулік ішінде қала көшелерінің бірінде ұсталды
27.05.2023 | 12:35

«ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ-да ішкі аудит: бірқатар басшыларының жұмысында бұзушылықтар анықталды

Барлық жол-пайдалану учаскелері мен пункттерінің қызметі тексеріліп жатыр
27.05.2023 | 12:04