Halyq Uni логотип
×

«Балам еңіреп жылап тұр»: зорланған баланың анасы оқиғаның мән-жайын баяндады

Қасымбек ауылында серуендеуге шыққан 5 және 8-сыныптың оқушылары 2-сыныптың оқушысын жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген

 Халық үні 31.03.2023 | 21:50
«Балам еңіреп жылап тұр»: зорланған баланың анасы оқиғаның мән-жайын баяндады
Фото: видеодан алынды

Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Қасымбек ауылында 2-сыныптың оқушысы зорланды. Sputnik Қазақстан тілшісі оқиғаның мән-жайын біліп қайтты.

Төрт мыңға жуық тұрғыны бар Қасымбек ауылында серуендеуге шыққан 5 және 8-сыныптың оқушылары 2-сыныптың оқушысын жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген. Жеті жастағы жеткіншек анасына шағым айтып, жылап келген.

«Бір қарасам баламның басы салбырап ауыл сыртында келе жатыр екен, көлігіммен тоқтадым. Балам еңіреп жылап тұр. Не болды деп сұрап едім: «шалбарымды шешіп, менің денеме денесін кіргізді» деді. Вадим деген бала қолынан ұстап тұрған. Ал Жандос деген бала басынан төмен еңкейтіп, жаңағы әрекетті істеген. Медициналық сараптама менің баламның дене мүшесінде жарықшақ пайда болғанын айтты», - дейді жәбірленуші баланың анасы Виктория.

Тұрғындардың айтуынша, 8-сынып оқушысының тәртібі нашар. Жасөспірім жасы кішілерге әлімжеттік көрсетіп, ақша талап етеді.

«Менің кішкентай баламды ұрып-соғып қорқытып, ылғи ақшасын тартып алатын көрінеді. Әрине, мектепке барып шулатпадым, бірақ ол балаға барып ұрыстым. Содан бері менің балама жоламайды. Бұндай баладан болашақта не күтуге болады? Менің ойымша, барлығы отбасындағы тәрбиеден. Мұндай сұмдықты жабу астында ұстауға болмайды», - дейді Қасымбек ауылының тұрғыны Ирада.

Тұрғындар Қасымбек ауылында мұндай жағдай бұған дейін де болғанын айтады. Ал мектеп басшылығы оқушылардың тәртібі жаман болған жоқ дейді.

«Үш оқушының да тәртібі жақсы. Жәбірледі деп айып тағылған балалар кілең беске оқиды деп айта алмаймын, бірақ тәртіпсіздік жасаған емес. 8-сынып оқушысының телефоны бар екен, ютубтан жаңағы жағдайды көрген. Балалардың айтуына қарағанда, үшеуі осы жағдайды іске асырып көрмек болған. 5-сыныптың баласы 2-сыныптың баласына жасап көрейік деп, киімдерін шешкен, сол жерде жаңағы дүниені жасап көрген. 8-сыныптың баласы сырттан бақылап отырғанын айтты, ал 5-сыныптың баласы «жай ғана тигіздім» дейді», - деп атап өтті мектеп директоры Айман Ыбрайымова.

Жәбірлеген 5-сынып оқушысының ата-анасы ажырасып кеткен, бала әкесімен және әжесімен тұрады. Ал 8-сынып оқушысының әкесі мынандай сұмдыққа шыдамаған.     Тұрғындардың айтуынша, ол таңғы сағат бесте өз-өзіне қол салып, қайтыс болған.

Қазіргі күні оқу-ағарту министрлігінде арнайы комиссия құрылды. Құрамында облыстық білім басқармасының мамандары бар. Sputnik Қазақстан тілшісі олардан мардымды жауап ала алмады.

Ал облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, тергеу жүріп жатыр.

«Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу жүріп жатыр. Осы факт бойынша қатысушылардың бірінің әкесіне, оқиғаның негізгі қатысушысы – кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты 2011 ж.т. ҚР ӘҚБтК 127-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды», - деп мәлімдеді ведомство.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама