Баланы қорада асулы күйінде әжесі тауып алған
Алматы облысы Тұрар ауылында кәмелетке толмаған жасөспірім өз-өзіне қол салды. Оны қорада асулы күйінде әжесі тауып алған, деп хабарлады «Астана» телеарнасы.
Әжесінің айтуынша, 2007 жылғы немересі мектептен келген соң тамағын ішіп, ұйықтап қалған. Жантүршігерлік оқиға 2 сағаттан кейін болыпты. Көршілерді шақырып, медициналық көмек көрсеткенімен, баланы аман алып қала алмады. Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«Бұл факт ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілері бойынша СДТБТ-да тіркелген. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметі хабарламасында.