Halyq Uni логотип
×

ҚХА Петропавл қаласындағы арандатушылыққа пікір білдірді

Петропавлдың белсенділері деп аталған бір топ адам өздерін Қазақстаннан тәуелсіздік алғандарын жариялаған

 Халық үні 31.03.2023 | 19:43
ҚХА Петропавл қаласындағы арандатушылыққа пікір білдірді
Фото: видеодан алынды

Қазақстан халқы Ассамблеясы «Петропавл қаласы Халық кеңесі» деп аталатын ұйымның атынан шыққан бір топ адамдардың арандатушылық мәлімдемесін қатаң түрде айыптайды.

«Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығының мызғымастығын және оған ішкі және халықаралық заңнамаммен кепілдік берілгенін мәлімдейміз. Бұл әрекеттерді мемлекетіміздің конституциялық негіздеріне, қауіпсіздігіне, бірлігі мен тұрақтылығына қарсы бағытталған ел мүддесіне жасалған опасыздық деп бағалаймыз. Біз біртұтас халық ретінде қазақстандық қоғамда ешкімнің араздық пен сенімсіздік таратуына жол бермейміз! Мұндай арандатушылықтар аса жауапсыздықтың көрінісі және құзырлы органдар тарапынан қатаң түрде тиылу керек. Кінәлілер сот тәртібімен заң аясында жазалануы тиіс!», - делінген ҚХА мәлімдемесінде.

Қазақстан халқы Ассамблеясы азаматтарды мұндай әрекеттерге бой алдырмауға және мызғымас бірлігіміз бен қоғамдық келісіміміздің негізі – халқымызға тән даналықты, төзімділікті, сенім мен өзара сыйластықты сақтауға шақырады.

«Қазақстан – біздің ортақ шаңырағымыз және біз қай жерде болсақ та  сүйікті Отанымыздың өкілдеріміз, ал халықаралық қауымдастық бізді біртұтас әрі қуатты ұлт ретінде таниды. Біз әртүрліміз, бірақ бірлігіміз әралуандылықта. Бұл қағидадан біз ешқашан ауытқымаймыз», -делінген хабарламада.  

Айта кетейік, Петропавлдың белсенділері деп аталған бір топ адам өздерін Қазақстаннан тәуелсіздік алғандарын жариялаған.

«Біз Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының жұмыс істейтін еркін тұрғындары, ерлер мен әйелдер Қазақстан Республикасы корпорациясының жалған заңдық негізде өмір сүруге қолайсыз жағдайлардың туындауына байланысты, сондай-ақ оның агенттерінің дәрменсіздігі мен абыройсыздығына байланысты өзіміздің мүлкіміз бен ресурстарымызды басқару жүйесінің барлық құрылтайшылары мен қызметкерлеріне толық сенімсіздік жариялаймыз. Біз өзімізді тәуелсіз және егемен деп жариялаймыз», – деді топ мүшесі желіде жарияланған видеода.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама