Halyq Uni логотип
×

Молдовадағы төтенше жағдай тағы екі айға ұзартылды

Оған Коммунистер мен социалистер блогы қарсы шықты

 Дастан Жұмабекұлы 31.03.2023 | 15:35
Молдовадағы төтенше жағдай тағы екі айға ұзартылды
фото: ашық дереккөз

Молдова Парламенті Үкіметтің өтініші бойынша елдегі төтенше жағдай режимін тағы 60 күнге ұзартты.

Интерфакстың мәліметіне қарағанда, төтенше жағдай режимін созу үшін биліктегі Әрекет және ынтымақ партиясының (PAS) 61 депутаты (101 депутат) дауыс берген.

Парламентте оппозициядағы Коммунистер мен социалистер блогы (BCS) бұл мәселені күн тәртібінен алып тастауға тырысқан еді. Алайда билік партиясының депутаттары бұл бастаманы қолдамаған.

Молдовада төтенше жағдай былтыр 24 ақпанда енгізіліп, кейін ол алты рет 60 күнге және бір рет 45 күнге ұзартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама