Апатқа жүргізушінің жол қозғалысы ережесін сақтамауы себеп
Екібастұзда автомобиль банкоматқа соғылды, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқыс оқиға таңғы сағат 07:50 шамасында қаладағы Мұхтар Әуезов көшесінде болған.
Lada жүргізушісі жол қозғалысы ережесін сақтамай, BMW-ға соқтығысқан. Салдарынан екінші көлік ғимараттағы банкоматқа соғылды, - деп жазылған хабарламада.
Көлік апатынан ешкім зардап шекпеген. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.