Ол екі жыл Түркістан қаласының әкімі болған
Түркістан қаласы мен Кентау қаласының әкімі болған Рашид Аюпов бірнеше айдан бері уақытша тергеу изоляторында қамауда отыр. Бұл ақпаратты Halyq Uni тілшісіне Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі растады.
Комитеттің мәлімдеуінше, Рашид Аюпов 2022 жылдың 17 қазанынан бері Астана қаласы бойынша түзеу қызметі департаментінің № 64 (СИЗО) аралас күзет мекемесінде қамауда отыр.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тергеу изоляторында ұсталғандардың мекеме кітапханасынан кітап алып оқуына, адвокаттармен және туыстарымен кездесуіне мүмкіндік бар.
Рашид Аюпов 1981 жылы Кентау қаласында дүниеге келген. Ол әр жылдары Түркістан облысы әкімінің орынбасары, Түркістан қаласының әкімі, Кентау қаласының әкімі лауазымдарын атқарған.