Halyq Uni логотип
×

Оңтүстік Кореяда қашып кеткен екі қазақстандықтың жағдайы белгілі болды

Екі қазақ та өз ісін мойындап, отбасын асырау үшін жұмысқа келгенін айтты

 Халық үні 30.03.2023 | 21:45
Оңтүстік Кореяда қашып кеткен екі қазақстандықтың жағдайы белгілі болды
фото: ашық дереккөзден

Ұсталған екі Қазақстан азаматы қазір қамауда отыр. Бұған дейін олар елге кіруге тыйым салынғанына қарамастан, Инчхон әуежайының аумағынан қашып кеткен еді.

25 наурызда Өзбекстаннан Оңтүстік Кореяға 2002 және 2005 жылы туған екі Қазақстан азаматы барған. Құжаттарында қате кеткендіктен, оларды елге кіргізбей, депортациялау залына жіберген. Бұл туралы Instagram-дағы «Korea_Komek» парақшасында жазылған. Қайту рейсін күтіп тұрған олар ұшу-қону жолағына жақын жерде биіктігі 3,5 метрлік қоршаудан асып, қашып кеткен.

Екі қазақ та өз ісін мойындап, отбасын асырау үшін жұмысқа келгенін айтты. Оларға шекараны заңсыз кесіп өтіп, қашып кетті деген айып тағылды. Ұсталғандар - Түркістан облысының тумаcы.

Бір қазақстандықты отандастарының қолдауымен еліне қайтару керек. Екіншісі Оңтүстік Корея түрмесінде үш ай болады. Бұл елдің заңнамасы бойынша ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазақстан азаматтарының бұл әрекеті Оңтүстік Кореяда жұрттың наразылығын тудырды. Кейінгі екі күнде Оңтүстік Кореядағы 23 қазақстандық азаматтығына байланысты жұмыстан шығарылғаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама