СҚО-да алимент төлемей жүргендер анықталды

Дәурен Ерболат

Тәртіп сақшылары 60 істі қарап жатыр

Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысында полиция алимент төлемеген 9 адамды анықтады, хабарлады Polisia.kz.

Тайынша ауданындағы шалғай ауылдардың бірінде 3 жасар қызына алимент төлемеген 27 жастағы солтүстікқазақстандық анықталды.

27-29 наурыз аралығында полицейлер жүргізген акцияның 3 күнінде алимент төлемей жүрген 9 ер адам және 6 борышкер табылды.

Іздестіру шаралары тұрақты негізде жүргізіледі.

Бүгінде көші-қон қызметі бөлімшелерінің өндірісінде борышкерлер мен алимент төлемейтіндерге, сондай-ақ туыстарымен байланысы үзілген адамдарға қатысты 60 іздестіру ісі бар. Оның 45-і – елден тыс жерде. Оларға мемлекетаралық іздеу жарияланды. Бұл бағыттағы жұмыс облыстық полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында, - деді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының басшысы Талғат Әбілов.