Halyq Uni логотип
×

Ақтөбеде адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр

Сарбаздар төтенше жағдайдың салдарын жоюға жұмылдырылды

 Дәурен Ерболат 30.03.2023 | 16:51
Ақтөбеде адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр
Фото: diapazon.kz

Ақтөбе қаласы Қарғалы өзенінде судың деңгейі көтеріліп, адамдар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ақтөбе аумағында орналасқан Қарғалы, Күншуақ, Мұнайшы бау-бақша ұжымдарына қауіп төнді.

Қызметкерлер 95 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Оның 40-ы – бала. Қазіргі уақытта эвакуация жалғасып жатыр. Бұл жұмысқа 66/55 әскери бөлімінің сарбаздары да жұмылдырылды, - деп жазылған хабарламада.

№6655 әскери бөлімінің штаб басшысы Дәурен Жағыпаров аталған аудандардағы төтенше жағдайдың салдарын жоюға сарбаздар жұмылдырылғанын атап өтті.

«Әскери қызметшілер су жолындағы көшелер мен аулаларды топырақ пен құм салынған қаптармен күшейтті. Сонымен қатар су басқан тұрғын үйлердің аулалары мен жолдарды тазартты. Біз кез келген көмекке әркез дайынбыз», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама