×

Алматы облысында 8 жасар ұлды зорлаған жасөспірімдер ұсталды

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

 Дәурен Ерболат 30.03.2023 | 16:00
Фото: gov.kz

Жамбыл ауданында 8 жасар баланы зорлады деген күдікпен жасөспірімдер ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

23 наурызда Жамбыл ауданының полиция бөліміне Қасымбек ауылының тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, сол күні сағат 16:00 шамасында 2015 жылғы кәмелетке толмаған ұлына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеті жасалған. Арызданушы баласын 2011 және 2008 жылғы жасөспірімдердің ауыл шетінде қорлағанын айтқан.

Бүгінде сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Аталған дерек бойынша оқиға қатысушыларының бірінің әкесіне, оқиғаның негізгі қатысушысы – 2011 жылғы кәмелетке толмаған жасөспірімге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы 3-бөлігі негізінде  әкімшілік іс қозғалды.

Сондай-ақ 27 наурызда тиісті материалдар осы жасөспірімді мамандандырылған мектепке орналастыру туралы мәселені қарау үшін уәкілетті органға жіберілді.

ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Министр жұмыртқа бағасына қатысты пікір білдірді

Ербол Қарашөкеев бағаның сұранысқа байланысты екенін айтты
27.05.2023 | 13:51

Фермелерге 7,5 млрд теңге төленді: кей өтінім неге мақұлданбады

Өңірлердің ауыл шаруашылығы басқармаларында 9 027 өтінім түсті
27.05.2023 | 13:18

Шымкентте клиент массажисті қорқытып, тонап кеткен

Күдікті тәулік ішінде қала көшелерінің бірінде ұсталды
27.05.2023 | 12:35

«ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ-да ішкі аудит: бірқатар басшыларының жұмысында бұзушылықтар анықталды

Барлық жол-пайдалану учаскелері мен пункттерінің қызметі тексеріліп жатыр
27.05.2023 | 12:04