Алматы облысында 8 жасар ұлды зорлаған жасөспірімдер ұсталды
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Жамбыл ауданында 8 жасар баланы зорлады деген күдікпен жасөспірімдер ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
23 наурызда Жамбыл ауданының полиция бөліміне Қасымбек ауылының тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, сол күні сағат 16:00 шамасында 2015 жылғы кәмелетке толмаған ұлына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеті жасалған. Арызданушы баласын 2011 және 2008 жылғы жасөспірімдердің ауыл шетінде қорлағанын айтқан.
Бүгінде сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Аталған дерек бойынша оқиға қатысушыларының бірінің әкесіне, оқиғаның негізгі қатысушысы – 2011 жылғы кәмелетке толмаған жасөспірімге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы 3-бөлігі негізінде әкімшілік іс қозғалды.
Сондай-ақ 27 наурызда тиісті материалдар осы жасөспірімді мамандандырылған мектепке орналастыру туралы мәселені қарау үшін уәкілетті органға жіберілді.
ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.