Ғылыми атақты ғалымдар Айдос Елшібаев пен Дәурен Есентай алды
Елімізде алғаш рет «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша PhD докторы дәрежесі берілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Докторлық дәрежені «Қазжол ҒЗИ» АҚ және «Жолкөлік» Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау институтының өкілдері алды.
Наурыз айында халықаралық білім беру корпорациясының базасында «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша алғаш рет PhD докторы дипломдары табыс етілді. Ғылыми дәреже Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының вице-президенті Айдос Елшібаевқа және «Жолкөлік» Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау институты мансап орталығы директорының орынбасары Дәурен Есентайға берілді.
Айдос Елшібаев «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғады. Жас ғалым, «Қазжол ҒЗИ» АҚ вице-президенті өзінің ғылыми жұмысында асфальтбетондар мен полимерасфальтбетондардың төмен температуралық сипаттамалары (беріктігі, бұзылу деформациясы, климаттық кернеу) тақырыбын зерттеді.