×

Елімізде алғаш рет «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша PhD докторы дәрежесі берілді

Ғылыми атақты ғалымдар Айдос Елшібаев пен Дәурен Есентай алды

 Дастан Жұмабекұлы 30.03.2023 | 14:51
фото: ашық дереккөз

Елімізде алғаш рет «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша PhD докторы дәрежесі берілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Докторлық дәрежені «Қазжол ҒЗИ» АҚ және «Жолкөлік» Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау институтының өкілдері алды.

Наурыз айында халықаралық білім беру корпорациясының базасында «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша алғаш рет PhD докторы дипломдары табыс етілді. Ғылыми дәреже Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының вице-президенті Айдос Елшібаевқа және «Жолкөлік» Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау институты мансап орталығы директорының орынбасары Дәурен Есентайға берілді. 

Айдос Елшібаев «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғады. Жас ғалым, «Қазжол ҒЗИ» АҚ вице-президенті өзінің ғылыми жұмысында асфальтбетондар мен полимерасфальтбетондардың төмен температуралық сипаттамалары (беріктігі, бұзылу деформациясы, климаттық кернеу) тақырыбын зерттеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама