Биыл елімізде 400 мыңнан аса бала 1-сыныпқа барады

Динара Амантай

Өтініш беру 1 сәуірде басталып, тамыздың 1-не дейін жалғасады

Фото: Halyq Uni

Елімізде 400 мыңнан аса бала жаңа оқу жылында 1-сыныпқа барады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл 1-сыныпқа қабылдау үшін өтініш беру 1 сәуірде басталып, тамыздың 1-не дейін жалғасады. Мемлекеттік білім беру қызметі egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді.

Балалар 1-сыныпқа 6 жастан бастап ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3х4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сондай-ақ 1-2 сәуір демалыс күндеріне келіп тұрғандықтан, өтініштер 3 сәуірден бастап қаралады, – деді орта білім комитетінің бас сарапшысы Ерлан Маемеров.

Сондай-ақ жаңа оқу жылында 400 мыңнан аса баланың 1-сыныпқа баратыны белгілі болды.