×

Жаңа премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды

Президент AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

 Динара Амантай 30.03.2023 | 10:32
Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысына AMANAT партиясының атынан жаңа премьер-министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды.

Айта кетейік, Парламенттің бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия ұсынуға құқылы екенін айтты.

«Премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия мемлекет басшысына ұсынуға құқылы деп айттым. Осы ретте саяси жауапкершілік те сол партияға жүктеледі. Бұл тәсіл күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасына сай келеді. Үкімет әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асыруға тиіс», - деді мемлекет басшысы.

Президент болашақта Үкіметтегі және аймақтардағы басшылық қызметтерге түрлі партия өкілдерін тартқан жөн екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама