×

EURO-2024: УЕФА сайты үздік голды анықтап жатыр

Оның арасында Асхат Тағыбергеннің голы да бар

 Дастан Жұмабекұлы 30.03.2023 | 10:07
фото: ашық дереккөз

Еуропаның футбол қауымдастығы (УЕФА) Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің екінші турында Дания командасының қақпасына салған голын үздіктер номинациясы қатарына қосты.

Қазір УЕФА-ның сайтында екінші турдағы үздік голға дауыс беріліп жатыр. Үздік гол номинациясына үміткерлер қатарында англиялық Букайо Сака, беларусьтік Владислав Морозов пен румыниялық Андрей Буркэ бар. Әзірше Асхат Тағыберген мен Владислав Морозов алда келеді. Олардың әрқайсысында 86 дауыстан бар. Букайо Сакаға 40 дауыс берілген. Андрей Буркэ 19 дауыс жинап отыр.

Еске сала кетсек, 26 наурызда Қазақстан құрамасы Дания командасынан 0:2 есебімен жеңіліп жатып, кейін қарсыластар қақпасына 3 гол салып, 3:2 есебімен жеңген еді. Асхат Тағыбергеннің алыстан әуелете тепкен добы ойында таразы басын теңестіруге мүмкіндік берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама