×

Алматыда жаңа электр станциясы іске қосылады

Екі аудан тұрақты электрмен қамтамасыз етіледі

 Динара Амантай 30.03.2023 | 09:45
Фото: weldon.polfirms.ru

Алматыда «Нұршашқан» және «Қайрат» шағын аудандарын тұрақты электрмен қамтамасыз ету үшін биыл «Тұздыбастау» электр қосалқы станциясы пайдалануға беріледі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш элект станциясы 2500-ден аса абонентті қамтиды.

Қазір подстанцияның өзі салынған, жеке меншік аумақтар арқылы кабель желісін жүргізу үшін инженерлік коридорды келісу мәселесі ғана қалып отыр,  – деді Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде.

Айта кетсек, 2022 жылы Түрксіб ауданында 24 км жаңа электр желісі салынып, 13 трансформаторлық подстанция реконструкцияланды. Ал биыл желтоқсанында «Әлмерек», «Нұршашқан» және «Шуақты» шағын аудандарында электр беру желілерін жаңғырту аяқталады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама