×

«Полицияның қатысы бар». 800 тонна темір жол материалын ұрлаған қылмыстық топ анықталды

Олар 2 жыл бойы ұрлықпен айналысқан

 Дәурен Ерболат 30.03.2023 | 09:55
Фото: ura.news

Темір жол материалдарын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ анықталды, деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.

Прокуратураның үйлестіруімен Көліктегі департаменттің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы 2 жыл бойы темір жолға арналған материалдарды ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты әшкереледі.

Тергеуге сәйкес, ұрланған төсемдер, шпалдар, рельстер және басқа да тауарлар жарамсыз немесе белгілі бір ақаулары бар жол төсемінің жоғарғы құрылымының бөліктерімен ауыстырылды деген жалған мәліметпен есептен шығарылған.

Қылмыстық топқа «ҚТЖ «ҰК» АҚ Қарағанды бөлімшесінің қазіргі және бұрынғы 17 жұмысшысы тартылған. Оларға полиция қызметкері «қамқорлық» жасаған. Алдын-ала есептелген шығын 127 млн теңгеден асады. Бұл – 800 тоннаға жуық материал.

Бүгінде ұрланған тауарлардың көпшілігін сатып алғандар мен материалдардың орналасқан жерлері, сондай-ақ оларды тасымалдаған жүк көліктері анықталды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама