×

«22 градус аяз болады»: синоптиктер қазақстандықтарға ескерту жасады

«Қазгидромет»  РМК Қазақстанда 30 наурыз бен 1 сәуір аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды

 Халық үні 30.03.2023 | 08:05
Фото: Тұрар Қазанғапов

«Қазгидромет»  РМК Қазақстанда 30 наурыз бен 1 сәуір аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды.

Стнопиктердің болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігіне белсенді фронтальды бөлімдері бар оңтүстік циклон әсер етеді, осыған байланысты ауа райы тұрақсыз болады.

«Жаңбыр жауады, елдің солтүстік жартысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. 31 наурыз бен 1 сәуір аралығында батыста қатты жаңбыр жауады, шығыста және оңтүстікте, елдің оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болуы мүмкін. 31 наурыздан бастап солтүстік-батыс антициклонының әсерінен солтүстік жартысында жауын-шашын тоқтап, республиканың көп бөлігінде ауа температурасы төмендейді деп болжанып отыр», – делінген хабарламада.

Елдің батыс аумағында ауа температурасы түнде +2+7°С дейін, күндіз +7+15°С дейін жылыса, солтүстікте, солтүстік-батыста және елдің орталығында температура түнде -7-13°С аязға дейін, күндіз -2+3°С дейін, шығыста түнде -10-22°С аязға дейін, күндіз -5+3°С дейін төмендейді, ал оңтүстік өңірлерде түнде 0-5°С, күндіз +3+13°С жылиды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама