2 ер адам да 28 наурызда өлі табылды
Астана мен Семейде із-түзсіз жоғалған 2 ер адам өлі табылды. Олардың өлім себебі белгісіз, деп хабарлады еріктілер Instagram-дағы парақшасында.
1993 жылғы Пивачев Виталий Астанада жоғалып кеткен. 23 наурызда түнгі бірде үйінен шығып, қайтып оралмаған. 28 наурызда оның қайтыс болғаны белгілі болды.
1954 жылғы Жұмағұлов Нұрлан Талғатбекұлы Семейде тұрған. Ер адам 7 наурызда үйінен кетіп, қайтып оралмаған. Соңғы рет оны балықшылар көрген. 28 наурызда ер адам өлі табылды.