Қайрат Нұртастың анасы оның казинода ұтылып қалуына қатысты мәлімдеме жасады

Халық үні

Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, мұның бәрі - хайп

Фото: bilimdinews.kz

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова Динара Әлжанның Қайрат Нұртасқа көмектескенін айтқан мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

Продюсерден оқырмандарының бірі одан Болат Назарбаевтың тоқалы Қайратқа көмектескені қаншалық шын екенін сұраған.

Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, мұның бәрі - хайп. Ал Қайраттың өмірін әлеуметтік желіден де бақылап білуге болады.

«Кім не айтпай жатыр? Қайратты айтса, күшті хайп болатынын басқа былай тұрсын, өзіңнен де байқап тұрған боларсың. Ондай өсекші хайп іздеген журналистерге уақытым жоқ, өсегіне ақталып отыратын. Шымшылап отыр ғой, «бізді қарсы шықса, шулатса, біздің YouTube-тің қаралымы көтеріледі» деп. Ол ойындарына тойғанмын. Білген өсектерін айта берсін. Қайрат казинода отырса, күнде концерт беріп, тойға шығып жүрген двойнигі ме екен. Не істеп жүргенін күнде Insta-сынан көріп отырсыңдар ғой», - деп жауап берді Гүлзира Айдарбекова.

Айта кетейік, бұған дейін Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы Динара Әлжан Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында казинода Қайрат Нұртасқа көмектескенін айтқан еді.