×

Дәулет Тұрлыхановтың ұлының ісі: соққыға жығылған заңгер ерлі-зайыпты мәлімдеме жасады

Адвокат Анна Дмитриевич Дәулет Тұрлыхановтың сөзін жоққа шығарды

 Халық үні 30.03.2023 | 07:45
Фото: prosports.kz

Мәжілістің кулуарында жаңа сайланған депутат Дәулет Тұрлыханов журналистердің ұлының бұзақылық ісі жөніндегі сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Белгілі спортшы осы іске байланысты сайлауға қатысудан бас тарту туралы ойы болғанын айтты. Алайда ұлының бала емес, кәмелет жасына толған азамат екенін, өз ісіне өзі жауап беретінін ескеріп, райынан қайтыпты.

Ол болған оқиғадан кейін жәбірленушілермен кездесуге тырысып, кешірім сұрағанын және ем-дом жағынан көмектесуді ұсынғанын айтты.

«Мен Черновтар отбасынан кешірім сұрадым, қажет жағдайда емдеуге көмек көрсетуге дайын екенімді айттым. Бірақ, олардан хабар болмады. Черновтар татуласқысы келеді деген ақпарат бар. Қазір маңыздысы тергеу органдарының бағасы берілсін, одан әрі көре жатармыз. Бұл процеске мен араласып жатқан жоқпын», - деді депутат Мәжіліс кулуарында.

Адвокат Анна Дмитриевич Дәулет Тұрлыхановтың сөзін жоққа шығарды. Ол күйеуі екеуінің депутаттың ұлымен татуласуға ниеті жоқ екенін мәлімдеді.

«Менен де, Олегтен де (Аннаның күйеуі - ред.) татуласу туралы сөз шыққан жоқ. Оған мұндай ақпаратты кім бергені түсініксіз. Ешкім бізге емделу үшін ақы ұсынған жоқ, мұнысы да шындыққа келмейді», - деп жазды адвокат Instagram-дағы парақшасында.

Еске сала кетсек, депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 11 ақпанға қараған түні шабуылға ұшыраған жас қызға көмектесуге тырысқан қазақстандық заңгерлер Анна Димитриевич пен Олег Черновқа қол көтерген.  

Нұрасыл Болатқа қатысты ҚР ҚК-нің 107-бабының 2-бөлігі, яғни «Екі және одан да көп адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама