Halyq Uni логотип
×

«Артында 3 баласы қалды»: Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеген ер адам көз жұмды

Ер адам айна жасайтын зауытта жұмыс істеген

 Халық үні 30.03.2023 | 06:05
«Артында 3 баласы қалды»: Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеген ер адам көз жұмды
Фото: press.kz

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында 50 жастағы Қазақстан азаматы қайтыс болды. Ақпаратты ҚР СІМ растады, деп хабарлады Press.kz.

Қазақстандық Бахтиер Инятов әйелмен бірге Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген. Олар елге 2015 жылы жұмыс істеуге келген. Ер адам айна жасайтын зауытта жұмыс істеген.

Марқұмды білетін адамдардың айтуынша, ол ақылды әрі еңбекқор болған. Ер адамның неден көз жұмған белгісіз. Алайда әйелі оның кофені көп ішіп, жиі темекі шеккенін айтады. Ер адам денсаулығына шағымданбаған.

ҚР Сыртқы істер министрлігі қайтыс болған адамның Қазақстан азаматы екенін растады. Қазір марқұмды отанына жеткізу үшін құжаттары рәсімделіп жатыр. Инятовтың туыстарымен елші байланыста. Ер адамның артында 3 баласы қалды.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама