Ақтөбе облысында қайғылы жағдай болды: шетелдік ерлі-зайыпты көз жұмды
48 жастағы жүргізуші және оның 49 жастағы әйелі оқиға орнында көз жұмды
Ақтөбе облысында жол апатынан шетелдік ерлі-зайыпты қаза тапты, деп хабарлайды polisia.kz.
29 наурыз күні «Ақтөбе-Астрахан» автожолының 252-шақырымында көлік апаты болды.
Қарауылкелді ауылының маңында КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі екінші жолдан басты жолға шығып, Datsun автомобилімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Datsun көлігінің 48 жастағы жүргізушісі және оның 49 жастағы әйелі оқиға орнында көз жұмды.
Олар Ресей Федерациясының азаматтары болатын.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Құрметті жүргізушілер, жол ережесін қатаң сақтауды сұраймыз», – деп ескертті Байғанин ауданы полиция бөлімінің бастығы Берік Айсин.