Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысында ауыл әкімін жұмыс орнында пышақтап кетті

Аудандық полиция қызметкерлері 42 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады

 Халық үні 29.03.2023 | 20:50
Жамбыл облысында ауыл әкімін жұмыс орнында пышақтап кетті
Фото: rg.ru

Жамбыл облысы Меркі ауданы Ойтыл ауылдық округінің әкімін пышақтап кетті, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 24 наурызда болған. Белгісіз ер адам әкімді жұмыс орнында пышақтаған. Әкім ауруханаға жатқызылды.

«Аудандық полиция қызметкерлері 42 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Медициналық сараптама нәтижесінде ұсталған азаматтың алкогольдік және есірткілік мас күйде болғаны анықталды. «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген хабарламада.

Күдіктінің 2013 жылға дейін Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығында «шизофрения» диагнозымен есепте тұрғаны белгілі болды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама