Halyq Uni логотип
×

Павлодарда сотталушы өзін-өзі қасақана жарақаттады

Ол бірнеше рет қылмыс жасағаны үшін сотталған

 Дәурен Ерболат 29.03.2023 | 17:47
Павлодарда сотталушы өзін-өзі қасақана жарақаттады
Фото: РИА Новости

Павлодарда түрмеде 32 жастағы сотталушы өзін-өзі қасақана жарақаттады, деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті.

Басқарма мәліметінше, ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты №46 мекемесінде (қауіпсіздіктігі өте жоғары) қызметкерлер сотталушыдан тыйым салынған заттарды алмақ болған. Осыдайн кейін ол өзін-өзі қасақана жарақаттаған.

Сотталушыға дереу жедел жәрдем шақырылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Сондай-ақ Павлодар қалалық ПБ Солтүстік бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. Аталған факті Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде тіркелді, - деп жазылған хабарламада.

Сотталған адам Павлодардағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Оның жағдайын хирург тексерді. Ол ауруханаға жатудан бас тартуына байланысты колонияға қайтарылды.

1991 жылғы сотталушы ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Ол осыған ұқсас қылмысы үшін төрт рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама